Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді

cover Фото: Orda.kz

Ұлттық банкте халықтың қарыз жүктемесін азайтуға көмектесетін шаралар туралы айтып берді. Барлық мәліметті нақтылау үшін  Orda.kz тілшісі ресми сұрау жолдады.

Реттеуші несие туралы деректерді банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық компаниялардың есептері негізінде жинайды. Сол мәліметтер бойынша жалпы статистика — қарыз көлемі мен төлем мерзімін өткізіп алу көрсеткіштері жарияланады. Алайда Ұлттық банк қарыз алушылардың саны мен олардың несиелері бойынша жеке есеп жүргізбейді.

Тәуекелдерді азайту үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге банктерге қосымша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.

Банктерге қарыз жүктемесі коэффициентін қатаңырақ есептеу міндеттелді. Бұл көрсеткіш адамның несиені төлей алу мүмкіндігін көрсетеді. Енді олар несие бермес бұрын қарыз алушының табысын мұқият тексеруі тиіс.

Сонымен қатар банктер үшін халыққа берілген несиелердің 2%-ы мөлшерінде қосымша капитал буфері енгізіледі. Банктер бұл қорды 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ұстап тұруы керек. Оның жалпы көлемі шамамен 508,5 млрд теңге болады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, қарыз алушының қарызы мен табысының арақатынасына шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл адамның барлық несиесін төлей алу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.

Тағы басқа шаралар да бар:

  • кепілсіз тұтынушылық несиелер мен микронесиелердің ең жоғары сомасы шектелді;
  • 90 күннен астам мерзімі өткен қарызы бар азаматтарға жаңа несие беруге тыйым салынды;
  • несиелер бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме төмендетілді.

Бұған дейін Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың шамамен жартысы несие алуға тыйым орнатқаны хабарланған еді. 5,1 млн-нан астам азамат «Stop-credit» қызметі арқылы өз атына несие мен микронесие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым қойған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар