Несие алғаны сол еді, ақшасыз қалды: ер адамды ұрып, тонап кеткен

cover

Алматы облысында 27 жастағы ер адам соққының астында қалып, басынан жарақат алған. Оны тонап кеткен.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

22 маусымда зардап шеккен ер адам басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Ол таяқ жеп, 100 мың теңгесінен айрылып қалған. 24 сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Анықталғандай, ұры Іле ауданының Екпінді ауылының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол шабуыл жасаған кезде мас болған.

Жауап алу кезінде ол жәбірленушімен аялдамада одан темекі сұрап, кездескенін айтты. Әңгіме барысында жаңа танысының 100 мың теңге көлемінде несие алғанын білген.

– Содан кейін күдікті жәбірленушіні құлатып, оның басынан бірнеше рет теуіп, ақшасын алып, қашып кеткен. Ұсталған күдіктіде 25 мың теңге ғана болған, қалғанын жұмсап үлгерген, - деді полиция департаментінде.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша тергеу амалдары басталды.

Күдікті оқшаулау бөлмесінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар