Алтын бұйымдарын жасау қарашада неге күрт тоқтады?

cover

Отандық компаниялар 2020 жылы құны 719 млн теңгеге әшекей бұйымдар жасаған. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға көп. Алайда қараша айында өндіріс бәсеңдеп қалған. Себебі – шикізат күрт қымбаттаған.

«Энерджипром» басылымының мәліметіне сүйенсек, дүкендерде алтыннан жасалған бұйымның бір грамы 20 мың теңге тұрады. Бағаның өскені: Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Павлодарда байқалды. Мәлімет бойынша бір грамм бұйымның құны 24 мыңнан асады.

Әлемдік нарықта алтын бағасы күн санап, қымбаттап барады. Соңғы саудада оның құны 0,4 пайызға өсіп, унциясы 1 878 доллар 9 центке саудаланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар