NCOC экологиялық айыппұл ретінде 12 млрд теңге төледі

cover

Бұған дейін Қашаған операторы Атырау сотында апелляциялық шағымнан жеңіліп қалған болатын, деп хабарлайды Orda.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Экологиялық инспекция 2022 жылы NCOC компаниясының ауқымды бұзушылықтарын анықтады.

«North Caspian Operating Company N.V.» теңіз кешенін тексеру нәтижелері бойынша экологиялық талаптарды бұзу фактілерін анықтады. Оның ішінде күкірт диоксиді экологиялық рұқсатсыз жағылып, өнеркәсіптік сулар еш тазартусыз Каспий теңізіне құйылған» деп хабарлайды Экология министрлігі.


Тексеру нәтижесінде бес әкімшілік іс қозғалып, олар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Әуелі бірінші сатыдағы сот, кейін апелляциялық сот бақылау органы жағына шықты.

«Атырау қаласының апелляциялық соты кәсіпорынға 12 миллиард 419 миллион теңге айыппұл салып, ол толығымен төленді» деп хабарлайды Экология министрлігі.


Екі инстанцияда да заңды деп танылған бұзушылықты жою туралы ұйғарым қазір Жоғарғы Сотта қаралуда.

Еске сала кетейік, осыған дейін NCOC 2023 жылы анықталған заң бұзушылықтарға қатысты сотқа шағым түсіргені хабарланған болатын. Онда экологиялық айыппұл сомасы 2,3 млрд теңге болды.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар