Назым Қызайбай сыйлыққа алған көлігін сатқалы жатыр

cover Фото: Instagram / Назым Қызайбай

Боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желісінде Олимпиада ойындарынан кейін сыйға алған көлігін сатқалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Спортшы ата-анасына үлкен үй алып беру арманы екенін айтты. Соған ғимарат қарастырғанын, көлігін сататынын айтты:

«Қазір шағын ғимарат қарастырып қойдым, ол ұнап та тұр. Соған байланысты бір хабарландыруым бар. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы. Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын», – деді Назым Қызайбай. 

Еске сала кетсек, Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2014, 2016 және 2025 жылдары алтын медаль иеленген. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Назым 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Ал қыркүйек айында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында финалда Үндістан боксшысы Минакшиге жол беріп, күміс медаль еншіледі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар