«Назарбаевтың немере інісі»: Қайрат Сатыбалды алған жәдігерлер мұражайға қайтарылды
Фото: Orda.kz
Ұлттық мұражайға сақ дәуірінің көзі болған жаңа жәдігерлер келді. Ұлтымыздың тарихи мұрасына айналған бұл жәдігерлерді Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұстағанын анықтадық.
Orda.kz тілшісі жәдігерлер жайлы баяндайды.
Құнды жәдігерлерді ұлттық мұражай қорына «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС тапсырды. Компания әшекейлердің тарихи қазына болуы мүмкін деп күдіктеніп, мәдениет министрлігіне жүгінген. Мұражайдағы сараптама нәтижесінде артефакттардың шынымен де маңызды екені анықталды. Заттар әйгілі сақтардың «аң стилінде» және ерте темір дәуірі мен орта ғасырларда жасалған.


Мұражайға тапсырылды:
- металдан жасалған бүркіттің басы;
- араб жазуы бар сақина;
- төбеде тұрған мүйізді аңның бейнесі бар пластина;
- мүсіндер: қанатты арыстан, қанатты жылқы, атылған барыс, ытқыған бұғы;
- 15 көне тиын;
- екі шиыршық сақина мен арыстанның басы бейнеленген жүзік.


Бүкіл коллекцияның салмағы 118 грамнан сәл асады. Бірақ мәдени құндылығы әлдеқайда жоғары. Компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаш артефакттар кімге тиесілі болғанын айтудан бас тартты.
«Сіздер білесіздер ғой, біз айта алмаймыз... Қандай актив болса да, тарихи болсын, заманауи болсын, кімнің иелігінде болғанын жария етуге құқығымыз жоқ. Барлық активтер мемлекетке тапсырылды. Қазір біз тарихи құндылығы бар нәрселерді мұражайға өткізіп жатырмыз», – деді ол.
Бастапқыда бұл бұйымдарды мемлекеттік мүлік аукционында сату жоспарланған еді. Бағалаушы олардың тарихи жәдігер екенін ескермей, сақинаның құнын 136 мың теңге деп бағалаған.



«Иә, сарапшы жалпы барлық бұйымдарды тексеріп, сақинаны 136 мың теңгеге бағалаған. Ол тек алтынның граммымен есептеп, әшекей ретінде ғана қарастырған шығар», – деп түйіндеді Қуанышбек Мұқаш.
Сатыбалды ма?
Бұл сақинаны біз қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатып жатқан мүліктің арасынан таптық. Барлық бағалы заттар бірнеше лотқа бөлініп, бөлек-бөлек саудаға шығарылған, бірақ бағалауды бір топ жүргізген. Мүліктің жалпы құны — 414 млн теңге. Онда сақиналар, сырғалар, сөмкелер мен бағалы сағаттар бар.
Зергерлік бұйымдар мен сағаттардың көп бөлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленді. Ең қызығы, тәркіленген сағаттардың бірі ресми іс-шарада Сатыбалдының қолында жүргенін байқадық.




Сатыбалдының оң қолында Ulysse Nardin Executive skeleton tourbillon сағаты бар. Дәл осы сағат мемлекеттік аукцион сайтында сатылып жатыр. Бағасы – жеті миллион теңге, бұл – коллекциядағы ең арзан сағаттардың бірі.
Жаңалықтар
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр