Назарбаев Тоқаевты қалай елге қайтарғанын айтты

cover

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі президенттің мансабы қалай басталғанын еске алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Елбасы «Штрихи к портрету» деректі фильмінде Қазақстан атынан ұсынатын елші іздеген. Ол 1991-1992 жылдары Қазақ КСР-нің КСРО-дағы елшісі ретінде Қанат Саудабаевты ұсынған. Бірақ ол шетел тілін жетік білмеген. Саудабаев Қазақстан атынан ұсынған алғаш қазақ дипломат. Ол 1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның Түркиядағы елшісі болды.

– Ол кезде көпті көрген адамдарды жіберу керек болды. Тіл білмесе, аудармашы бар,  әкімдерді, министрлерді жібердік.  Сол тұста мен Тоқаевты Мәскеуден шақырдым. Алғаш рет Бейжіңде көрдім, оны есімде сақтап қалып, байланыс орнаттым. Содан кейін, өзіміздің жеке сыртқы істер министрлігімізді құрған кезде оған бірден министр болып жұмыс істеу қиын болды – тәжірибесіз еді, Қазақстанды білуі керек еді. Мен оны Мәскеуден сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Ол бірнеше күн бойы ойланды, мен: «Бұл сенің елің, сен осында дүниеге келдің, алматылықсың ғой, келсеңші» дедім.  Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдады, жағдай осылай болды, - деп Нұрсұлтан Назарбаев еске алды.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев 1993-1994 жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1994-1999 жылдар аралығында сыртқы істер министрлігін басқарды. 2003 жылы бұл қызметіне қайта оралды. Сосын біраз жыл премьер-министрдің орынбасары және парламент сенатының төрағасы болды. Ал 2019 жылы Қазақстан президенті болып тағайындалды.

«Штрихи к портрету» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп сериялы деректі фильм. Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда, Қазақстанның Тұңғыш президенті күні жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар