Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі

cover

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу қаласында кездеседі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың твиттердегі жазбасына сәйкес кездесу ертең, яғни 30 маусым күні өтеді.

– 30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөз барысында ЕАЭО - ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда, - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар