«Назарбаев Конституциясы» әлі өзгерген жоқ – Мұхтар Тайжан

cover

Бүгін Алматы қаласында «Тәуелсіз кандидаттар блогы құрылып, манифест қабылданды» тақырыбымен баспасөз-маслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер қатысты. Олар сайлауалды бағдарламалары туралы баяндады.

Жиналғандардың айтуынша, олардың негізгі мақсаты – жаңа қоғамдық келісім, парламенттік республика Конституциясы.

Олар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған жағдайда Мәжілістің заңнамалық және бюджеттік рөлін және мәслихаттардың нақты жергілікті өзін-өзі басқаруын қайтаруға уәде берді. Сондай-ақ өзін-өзі ұсынушыларға дауыс беруге шақырды.

Баспасөз мәслихатында сөз алған Мұхтар Тайжан елде «Назарбаев Конституциясы» әлі өзгермегенін айтты.

– Назарбаев Конституциясы өзгерген жоқ. Президент бәрібір есеп береді. Мысалы, «Атамекен» ҰКП-да ешқандай заң жобасы қабылданбайды. Парламент заңдарды өзі жасап, қабылдауы керек, ал бізде бәрін президент әкімшілігі шешеді. Содан кейін министрлер кабинетінен бас тарту керек. Біздің Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидаттар одағы Аманатқа балама ұсынады, – деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар