Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын

cover Фото: экс-президент мұрағатынан

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді. Бұрынғы президенттің ұстанымы оның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды  Orda.kz.       

Бір қызығы, сайтта  экс-президент дауыс бергеннен кейін өз пікірін айтқаны көрсетілген. Алайда бұған дейін журналистер Назарбаевтың БАҚ өкілдерәне мойын бұрмай кеткенін айтқан болатын.

Нәтижесінде мынадай хабарлама жарияланды: Қазақстанның тұңғыш президенті жеті жыл бұрын мемлекет басшысы өкілеттігін өз еркімен тапсырғанда, елдің одан әрі тұрақты дамуын және биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету мүддесін басшылыққа алғанын атап өтті.

«Уақыт тоқтамайды. Ұрпақтар алмасады. Әрбір ұрпақ Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Менің ойымша, біздің ұрпақ өз міндетін орындады: тәуелсіздікті жариялады, шекараны айқындады және астананы салды. Қазір Қазақстанды нығайтуды жалғастырып, оның беделін көтеру қажет» деп берілген экс-президенттің сөзі. 

Артынша Назарбаевтың баспаөз қызметі  оның дауыс бергеннен кейін елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікірініің бейнеажазбасын жариялады.  Тұңғыш президент мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.


«Бұл үшін көп жұмыс атқарылып жатыр, соның ішінде бүгінгі референдум да бар, мен оны қолдаймын. Бір кезде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдасына таңдау жасадым және бұл таңдауыммен мәңгі қаламын.  Бұл Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың игілігіне қызмет етсін деп тілеймін», – деп, ойын білдірді Назарбаев.

Бүгін таңертең Астанада Нұрсұлтан Назарбаев референдумға  келіп, дауыс берді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар