Елбасы Қазақстанның Ресей және Қытаймен байланысы туралы айтты

cover

Елбасы өзінің «Штрихи к портрету» деректі фильмінде Қазақстанның Ресей мен Қытай арасына кім іріткі салғысы келетінін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Бұны бір ойын деп айтуға болады. Мысалы, біздің Орталық Азия мемлекеттерін біріктіру туралы бастамамыз Батыс елдеріне ұнамайды, олар біздің қосылғанымызды қаламайды. Керісінше, олар бізді Ресейден бөліп алғылары келіп, қалай арандатсақ екен деп отыр. Халық Қазақстанға ненің пайдалы екенін түсінбейді. Қытайға қатысты шуды да сырттағылар әдейі ұйымдастырып отыр: біздің көршімізбен ара қатынасымызға іріткі салуды көздейді. Мұның барлығы белгілі дүние ғой, - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Сондай-ақ, елбасы Ресей мен Украина байланысына баға берді. 

– Мен Украина президентіне бұған дейін ұсыныс жасаған болатынмын. Оған Ресеймен келіссөз жүргізуіне көмектесуге әзір екенімді айттым. Бірақ олар әлі мұндай шешімге келуге дайын емеспіз деп айтты. Менің Украина үшін жүрегім ауырады, мен бұл мемлекетті жақсы білемін. Осындай өзара жақын болған елдердің бір-біріне тісін қайрап отырғаны - саясаткерлердің қателігі, халықтың бұған еш қатысы жоқ, - деді елбасы. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар