НАТО: Ердоған Швеция мен Финляндияның өтініштерін қарауға шарт қойды

cover

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне әлі де қарсы шыға алатынын айтты.

Ердоған егер олар Түркия террорист деп санайтын адамдарды ұстап беру туралы Анкарамен жасалған мәміленің бір бөлігін орындамаса, келісім жоққа шығарылуы мүмкін екенін ескертті.

Оның айтуынша, Швеция Күрдістан жұмысшы партиясымен (Түркияда тыйым салынған) байланысты 73 адамды ұстап беруге уәде берген. Ердоған Скандинавия елдері өз міндеттемелерін орындамаса, Түркия парламенті әлі де келісімді ратификациялай алмайтындығын айтты.

– Біріншіден, Швеция мен Финляндия өз міндеттерін орындауы керек және олар мәтінде бар. Егер олар міндетін орындамаса, әрине, біз оны Парламентке ешқашан жібермейміз, – деді Ердоған.

Еске салайық, 18 мамырда Финляндия мен Швеция Ресейдің Украинадағы әскери операциясының басталуына жауап ретінде НАТО-ға кіруге өтініш берді. Түркия Стокгольм мен Хельсинкидің Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қатысты ұстанымына байланысты бұл процесті тоқтатты және Швеция мен Финляндия үшін Түркияда террористік деп танылған ұйымдардың қызметіне тыйым салуға, сондай-ақ Анкараның қорғаныс өнеркәсібіндегі шектеулерді алып тастауға қатысты шарттарды ұсынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар