Нұр-Сұлтан: Көлік жүргізушісі бағдаршамға соғылып, артынша жас жігітті қағып кетті

cover

Нұр-Сұлтанда Volkswagen Golf автокөлігін басқарған әйел бағдаршамға соқтығысып, 22 жастағы жігітті қағып кетті.

Жол апаты 24 желтоқсанға қараған түні Есенберлин көшесінде болған. Жол апатының куәгерлері әйелді тоқтатып, одан көлік кілтін тартып алып, полиция келгенше ұстап тұрған. Олардың айтуынша, жүргізуші әйел мас күйінде көлік жүргізген.

https://www.youtube.com/watch?v=_iCS9SvaZpo&feature=emb_title

Полиция жол-көлік оқиғасын растады. Полицияның айтуынша, оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар