Нұр-Сұлтан балалар оқу орталығында ұрлық жасаған күдікті ұсталды

cover

Нұр-Сұлтан балалар оқу орталығында ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта терезені майыстыру арқылы оқу орталығына кірген ұры бетін жасыратын баскиім кигені анықталды. Жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңге болатын техниканы, атап айтқанда «LG» маркалы теледидар, «НР» маркалы принтер және микротолқынды пешті жымқырған ұры заттарды таксиге тиеген.

Такси жүргізушісінің сөзін сенер болсақ, ол ештеңеден күдіктенбегенін алға тартқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдіктіге қатысты ұстауда бұлтартпау шарасы қабылданып, ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленіп оқу орталығына қайтарылды. Сондай-ақ оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар