Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал салынды

cover

Алматыда Елбасы бейнеленген жаңа мурал пайда болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Дәлірек айтсақ, суреттегі мурал қайта боялды. Енді Қазақстанның тұңғыш президенті муралының жанында «Forever Young» деген жазу бар.

Фото: zakon.kz

4 мамыр күні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында «Elbasy forever young» деген жазуы бар қабырға суреті пайда болған еді. Жергілікті тұрғындар қабырға суретінің бір түнде салынғанын атап өтті.

Бір айдан кейін белгісіз біреулер оны бояп, басқа нәрсе жазып кеткені айтылды. Қабырғадағы Елбасы бейнесінің орнына ақ фондағы мынадай  жазу пайда болды: «I'll be back... - «01».

Бұл жұмыстың авторы кім екені әлі белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар