Мұғалімдерге құдық қаздырып, монша салдырған мектеп директоры дауға қалды
Фото: signature
Абай облысындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында даулы жағдай тіркелді. Мұғалімдер мектеп директоры Роллан Тілеухановтың жеке шаруашылығына жұмысқа жеккенін, заңсыз ақша жинатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, ер мұғалімдер демалыс күндері директордың үйі мен фермасында құрылыс және шаруашылық жұмыстарына тартылған. Олар үш құдық қазып, шатыр ауыстырған, сарай мен монша салған. Директор жиі дауыс көтеріп, ұстаздарға дөрекілік танытқан.
Сонымен қатар, әр мұғалімнен ай сайын «оқушылардың стипендиясы» деген сылтаумен 1000 теңгеден жинатқан. Бұл қаражаттың нақты қайда жұмсалғаны белгісіз. Бір жолы директор жүргізушісіне үй алу үшін ұстаздардан 10 мың теңгеден жинап алған.
Кейбір қызметкерлерге 0,5 мөлшерлемемен жалған жалақы рәсімделіп, кейін ол ақша қолма-қол шешіліп, басшылыққа берілген. Мұндай қаражаттың мектепті безендіру мен семинар өткізуге жұмсалатыны айтылғанымен, ұстаздар мұндай шараларды көрмеген.
Бұдан өзге де заңбұзушылықтар тіркелген: іссапар шығындары төленбеген, оқушылар түрлі шараларға ата-аналардың есебінен апарылған. Мектепте автобус болса да, пайдалануға тыйым салынған. Автоклубқа қаражат бөлінгенімен, сабақ өтпейді, кабинет жоқ. Асхананың өнімдері құжат жүзінде жеке кәсіпкерден жеткізіледі деп көрсетілгенімен, іс жүзінде тағам директордың жұбайының шаруашылығынан алынады.
Педагогтер еңбек инспекциясына және басқа да мемлекеттік органдарға бірнеше рет шағым түсірген. Алайда тексерістер нәтижесінде арызданушылардың өздері қудалауға ұшыраған. Ұжым қазір екіге бөлініп, директордың ықпалы күшейіп отыр.
Мұғалімдер Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінен араласуын сұрайды. Олар әділ тексеріс жүргізіліп, құқықтарының қорғалуын талап етеді. Айтылған фактілер түбіртек, құжаттар, хат алмасу, аудио және бейнежазбалармен расталған.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп