Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
Фото: Sputnik / Евгений Панасенко
Молдова билігі елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүшелігіне қатысты үш келісімді денонсациялау процесін бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыртқы істер министрі Попшойдың айтуынша, ел ТМД-дан заңды түрде шығуды көздейді.
Бұл туралы дүйсенбі, 19 қаңтар күні Radio Moldova эфирінде елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған келісімдердің күші жойылғаннан кейін, ресми және заңды түрде Молдова ТМД құрамынан шығады.
Молдова вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі денонсацияланатын құжаттардың келесі тізімін нақтылады:
– 1993 жылғы 22 қаңтарда Минскіде қол қойылған ТМД Жарғысы;
– 1991 жылғы 8 желтоқсандағы ТМД құру туралы келісім;
– осы келісімге 1991 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған қосымша құжаттар.
Попшойдың айтуынша, денонсациялау процесі қазірдің өзінде жүріп жатыр. Ал парламент депутаттары тиісті құжаттарды жаңа парламенттік сессияның басында қарайды.
«Шамамен ақпан айының ортасына қарай үкімет деңгейіндегі мәселелерді аяқтаймыз. Содан кейін шешімді парламент қабылдайды», — деді СІМ басшысы.
Михай Попшой ТМД-ға мүшелік туралы келісімдерден бас тартуды елдің еуропалық бағытын нығайтудың маңызды қадамы деп атады.
Айта кетейік, Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды.
Жаңалықтар
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды