«Миы шайқалғанша ұрған»: Жетінші сынып оқушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Instagram / Rustembayaziev
Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында жетінші сынып оқушысы сыныптастарының соққысынан кейін миы шайқалып, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, оқиға мектепте болған, қазір бала ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Зардап шеккен баланың ата-анасы бұл істі жауып тастамауы мүмкін деген күдігін айтты.
«Бұл істі жауып тастағысы келеді. Өйткені баланы ұрғандар 16 жасқа толмағандар. Бірақ, баланы ересек адамша ұрған. Төбелеске қатысқандардың туыстары кешірім сұрап келді. Бірақ біз кінәлілердің жазаланғанын талап етеміз», – дейді жақындары.
Қазіргі уақытта білім беру бөлімі мектепке қызметтік тексеріс жасауды жоспарлап отыр.
«Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданатын болады. Ақпарат белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға жолданды», — деп сендірді шенеуніктер.
Редакциямыздың арнайы сауалына полиция жауап беріп, тергеу басталғанын хабарлады. Төбелеске қатысы бар деген барлық жасөспірімнен жауап алынатыны мәлім болды.
«Индер ауданы бойынша кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаға қатысушылар кәмелетке толмағандықтан, олардан жауап алу заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция департаменті.
Сонымен қатар, қол жұмсаған жасөспірімдер есепке қойылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия осы жағдайды қолға алып, сол жасөспірімдермен тікелей жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады