«Өмір сүру қиындап барады». Дизельге деген сұраныс бар, отын жоқ

cover

Алматыда жүк көлігінің жүргізушілері бірнеше күннен бері дизель таппай жанармай бекеттерін кезіп жүр.

Бұл туралы Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы мен Шымкентте жанармай бағасы көкке жетіп қана қоймай, тіпті талонмен ғана беріле бастаған.

Апта басында Энергетика министрлігі бағаны тұрақтандырып, бір-екі күнде жағдайдың реттелетінін айтқан еді.

– Мен экономист емеспін. Бірақ тапшылық бағаны өсіру үшін жасалып отыр деп ойлаймын. Бұл жағдай ең соңында қарапайым халыққа ауыр тиеді. Өйткені біз қазір тасымалдау құнын көтеруге мәжбүрміз. Соның салдарынан тауар да қымбаттайды. Кеше дизель іздеп жұмысымыз тоқтап қалды. Қазақстанда өмір сүру күннен-күнге қиындап бара жатқаны өкінішті, - деді жүк көлігінің жүргізушісі Иван Григорьев.

Мегаполистің тек санаулы бекеттері дизельді қымбат бағаға сатып жатыр. Өткен аптада 190 теңгеден сатылған сұйық отынның бүгінгі күнде бағасы 230 теңгеге жеткен.

– Алматыда дизель отынының қоры қазір 10 мың тонна. Алматы облысында да 10 мың тонна сұйық отын қоры бар. Шымкенттегі зауыттан осы өңірге қосымша 2 мың тонна дизель жөнелтілді, - деді энергетика министрлігінің басқарма басшысы Мұрат Тұрдыбеков.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар