Министр Аида Балаева тарап кеткен «пәк қыздар» тізімі туралы пікір білдірді
Фото: Ашық дереккөзден
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын студенттердің жеке деректері таралып кетті, оның ішінде медициналық жеке деректері де болған. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Бұл маңызды мәселе. Мұндай интимді ақпарат қаншалықты керек болды деген сұрақ туындайды. Мен мұндай ақпаратты дұрыс деп санамаймын. Тізімдегі қыздардың құқықтарын да бұзып отыр. Біріншіден, кімді жазалау керек дегеннен бұрын, ол тізім не үшін құрылды, кімге керек болды деген сұрақ бар. Менің білуімше, қазір бұл мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесін күтеміз», - дейді Аида Балаева.
ҚазҰУ басшылығы шу тудырған оқиғаға қатысты түсініктеме берген болатын.
Еске салайық 2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы «механика-математика» факультетінің флюрографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберген болатын.
«Алайда берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен» делінген хабарламада.
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалды.
«Сонымен қатар Алматы қаласы прокуратурасына аталған факт бойынша прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Университет «Smart Health University City» ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастыруда» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп