«Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету — қылмыс емес»: Мирболат Мырзатайұлы не үшін сотталды?

cover Фото: Мирболат Мырзатайұлының Facebook парақшасынан

Медеу аудандық №2 сотында «Журналистік зерттеу орталығының» жетекшісі әрі қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлына қатысты үкім шықты. Журналист 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін оның қорғаушылары мен жақтастары жедел баспасөз мәслихатын өткізіп, істің саяси сипатта екенін ашық айтты.

Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына барып қайтты.

Айыптау актісінде көрсетілгендей, биыл сәуірде Мирболат Мырзатайұлы Алматыдағы бір мекемеге барып, басшысымен жанжалдасқанда қазақ тілінде жауап беруді талап еткен. Сол сәттегі диалогтан үзінді Instagram желісінде жарияланып, кейін полицейлер оны «ұлтаралық араздықты қоздыру» деп бағалаған.

 «174-бап әрдайым сынға ұшырап келеді, себебі оның түсінігі тым жалпылама. Кімге болсын қолдануға мүмкіндік береді. 2020 жылы өзгерістер енгізілгенімен, құқық қорғау органдары «қоздыру» мен «өршіту» ұғымдарының айырмашылығын әлі түсінбейді», — деді ол.

Сондай-ақ, Балғабаева сараптама нәтижесінің қисынсыздығын бірнеше рет атап өтті.

«Экспертиза «араздық қоздыру белгілерін» таптық дейді. Бірақ бейнежазбада бірде-бір ұлтты кемсітетін сөз жоқ. Радикалдық әрекетке шақыру да жоқ. Заңгерлердің кез келгені мұнда қылмыс жоқ екенін бірден айтар еді. Бұл — ойдан шығарылған айып. Сөз бостандығы мен мемлекеттік тілдің мәртебесін талап еткені үшін азаматты қудалау — саяси қадам. Айыптауды толық жоққа шығардық, сараптама мен куәгерлер біздің пайдамызға сөйледі. Дегенмен сот басқа шешім шығарды», — деп түсіндірді қорғаушы. 

Айыптау актісіндегі басты дәлел — Мирболаттың мекеме басшысынан қазақша жауап талап етуі.

«Мемлекеттік тілде жауап талап ету қылмыс емес. Тіл туралы заңның 11-бабы мемлекеттік органдар сұраныс қай тілде келсе, сол тілде жауап беруге міндетті екенін нақты көрсетеді. Бұл — әділетсіздік, тек Мирболатқа ғана емес, қазақ тілді азаматтарға жасалған әділетсіздік», — деді ол.

Мырзатайұлының жиі көтеретін тақырыптарының бірі қытай азаматтарына жер берілуі мәселесі еді. Жоғалған күні белсенді Худайшүкір Абдуллаев пен Асылбек Қараевпен бірге Талғар аудандық әкімдігіне барған, алайда Бишуинов сол күні үйіне жете алмай кетті. Блогердің туыстары мен жақтастары оның ұсталуын саяси қудалау деп санайды. Бишуинов әлеуметтік желіде шетелдіктерге жер беру мәселесін жиі көтеріп, өткір пікірлер білдіріп жүрген. Әсіресе, Қытай азаматтарына жер сатуға қарсы жазбалары қоғамда кең талқыланған еді.

«2 қыркүйек күні 4 гектар жер Қытай азаматтарына сатылды. Біз әкімдікке шағым айтып бардық. Әкімдіктен шыққан соң әрқайсымыз өз көлігімізге мініп кеткенде, Мирболатты шұғыл түрде қамап кетті» , — деді Худайшүкір Абдуллаев.

Айта кетейік, қоғам белсендісі сот процесі кезінде залға келе алмаған, барлық процестерге тек онлайн қатысқан. Мырзатайұлы бұл жағдайға наразылық білдіргенімен, сот назарға алған жоқ.

Қорғаушылар оның Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар