Мемлекеттік тапсырыс үшін пара алған Алматыдағы емхана директоры сотталды
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда №10 қалалық емхананы басқарған Гүлнәр Қалыбекова екі жеке лабораториядан пара алғаны үшін жауапқа тартылды. Тергеу деректеріне қарағанда, ол бюджет есебінен төленетін, бірақ іс жүзінде орындалмаған талдауларды өткізуге рұқсат беріп келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық соттың шешімі бойынша, «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына» қарайтын аталған емхананың директоры пара алды деп танылды. Сонымен қатар «АкваЛаб» ЖШС-нің аймақтық директоры Меруерт Баймұхамбетова пара бергені үшін жауап берді.
Қалыбекова 2024 жылдың көктемінде осы қызметке келген. Ал 2025 жылдың басында емхана зертханалық және диагностикалық қызмет көрсету үшін «АкваЛаб» және «OpenHealthcare Kazakhstan» компанияларымен келісімшарт бекіткен. Бұл қызметтердің ақысы мемлекеттік тегін медициналық көмек көлеміне кіретіндіктен, бюджеттен төленуі тиіс еді.
Зертханалар жасаған талдаулардың барлығы «DamuMed» жүйесінде тіркелуі керек болатын. Бірақ тексеріс кезінде жүйеде шын мәнінде жасалмаған, артық немесе мүлде орындалмаған талдаулардың енгізілгені белгілі болды. Сол жалған талдаулар үшін қаржыны мемлекет төлеуі тиіс болған.
Тергеудің айтуынша, Қалыбекова екі лабораторияға көрсеткіштерді қолдан жоғарылатуды ұсынған. Ал ол өз тарапынан бұған көз жұма қарап отырған. Есесіне мемлекеттік тапсырыстың жалпы сомасының шамамен 15 пайызы директорға берілуге тиіс болған.
Қалыбекова екі компаниядан да ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде ұсталған. Онымен бірге «АкваЛаб» өкілі Меруерт Баймұхамбетова да сотқа жіберілді. Ал «OpenHealthcare Kazakhstan» тарапынан қатысқан қызметкер іс бойынша куәгер ретінде танылған болуы мүмкін.
Сот үкімі
Сотта екі айыпталушы да кінәсін мойындады. Нәтижесінде бұрынғы директор 65 миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды. Ал лаборатория басшысы шамамен 24 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп