Мемлекетке құны 10 милллион доллардан асатын активтер қайтарылды

cover фото: FXteam

Мемлекетке құны 10 миллион доллардан асатын әшекейлер мен тарихи артефактілер қайтарылды.

Бұл туралы бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, қазақстандық олигархтардың бірімен байланысты адамдардан «қайдан келгені түсініксіз активтер» табылды. Комитет құны 10 миллион доллардан асатын бұл активті тәркілеу туралы сотқа шағым түсірді.

«Сот талқылауы барысында айыпталушылар мүліктің қайдан шыққанын және заңдылығын дәлелдей алмады. Сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы сот активтерді өндіріп алу комиссиясының талаптарын толығымен қанағаттандырды. Жауапкерлердің шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды»,  деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен мемлекет пайдасына қолма-қол ақша, қымбат әшекейлер және сақ дәуіріне жатуы мүмкін тарихи-мәдени мұра заттары тәркіленді.

Әшекейлер мен тарихи артефактілер тәркіленген олигархтың аты-жөні аталмаған. Бірақ бұған дейін ведомство бірнеше миллиард теңгеге бағаланған «эксклюзивті әшекейлерді»  мемлекетке Қайрат Сатыбалдының қайтарғаны туралы бірнеше рет хабарлаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар