Мемлекетке келген 35 млрд залал: Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС-ны тергеуге алды

cover Фото: Baigenews

Мәжіліс депутаттары Базарбек пен Әбеновтің үндеуінен кейін Бас прокуратура мемлекетке 35 миллиард теңге залал келтірген «СК-Фармация» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәліметтерге зер салсақ, заң бұзушылықтар мемлекетке едәуір залал келтірген.

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ:

  • Жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген;
  • Шын мәнінде алынбаған жабдыққа 36,7 млн теңге негізсіз жұмсалған.

 «СК-Фармация» ЖШС ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор):

  • Дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекетке 35,8 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген.

«КазМедПром» ЖШС:

  • Медициналық қолғаптарды Бірыңғай дистрибьюторға қымбат бағамен жеткізу арқылы 5,3 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, «СК-Фармация» ЖШС 35,8 млрд-қа тек медициналық қолғап сатып алуға жұмсаған.


Еске сала кетейік, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайраттың сотында «Стройконструкция» АҚ-ның заңгері Галина Исаева айыптаушыларды белгілі алаяқтармен салыстырды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар