Мемлекетке 500 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

cover

Павлодар облысында төрт жылдан астам уақыт бойы «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментінің деректері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Нәтижесінде мемлекетке 500 млн теңгеден астам залал келтірілді.

Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер төрт жыл мерзімге бас бостандығынан және бес жыл қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айрылды. Олар жалған шот-фактураларды шығару бойынша кінәлі деп танылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар