Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол Түрікместанның президентіне Ашхабад қаласына шақырғаны үшін алғысын айтты. Ал ертең болатын форумда бейбітшілік жайлы сөз болатынын атап өтті.

«Ашхабад секілді көркем шаһарға шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мұнда келген сайын қонақжай пейілдеріңізді, туыстық әрі достық көңілдеріңізді сезінеміз. Ертеңгі форум өзіне жүктелген міндетті толық атқарып шығатынына және халықаралық қатынастар тарихында айтулы уақиға болатынына сенімдімін. Өйткені бұл жиында бейбітшілік, бейтараптылық және сенім секілді ең өзекті тақырыптар қозғалады. Қазіргі әлемге жетпей тұрғаны да осы құндылықтар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетсек, Аида Балаева министрліктің заңгерлері  «Орда» редакциясына қатысты істі қарайтынын айтқан еді. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар