Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Онда әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығару бұйырылған.

«Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын» деп жазылған Жарлықта.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету тапсырылған.

Мемлекет басшысы барлық құзырлы органдарға әскерге шақырылған Қазақстан азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыруды тапсырды .

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз:






Жаңалықтар

барлық жаңалықтар