Мектеп керек: Өлім аузынан қалған балаларды ата-аналары мектепке жіберуден бас тартты
Фото: Orda.kz
11 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында «Сокол» саяжайы Алматы облысында 34 оқушы мінген автобус пен жеңіл көлік соғылған болатын. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оқушылар аман қалды. Ал ата-аналар осы оқиғадан кейін оқушыларды мектепке жібермеді. Бүгін, 15 қыркүйек күні мектеп салуын талап етіп Сокол тұрғындары жиналды.
Orda.kz тілшілері оқиғаның мән жайын білу үшін Сокол саяжайына барып қайтты.
Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылындағы Сокол саяжайының ата-аналары балаларымен бірге «мектеп керек» деген жазуы бар қағаздар ұстап жиналды. Сокол өңіріндегі балалар мектеп жоқ болған соң алыс жерге автобустармен жолға шығады. Саяжай тұрғындарының сөзіне қарасақ, ауылға Ақсай деген ат 10 жыл бұрын берілген. Алайда ресми түрде ауыл мәртебесін ала алмай отыр. Сокол саяжайында жалпы есепте 2188 адам тұрады. Әкімдіктің бұрынғы берген жауаптарына қарасақ, 2025 жылы Сокол саяжайында мектеп салу мәселесі қарастырылмаған, ол мәселе тек ауыл мәртебесін алғаннан кейін ғана шешіледі.
Cаяжайдан оқушыларды мектепке 3 жекеменшік және 4 мемлекеттік автобус тасымалдайды. Тұрғындардың сөзіне қарасақ, 2000 оқушы жан-жақтағы алыс өңірлердегі мектептерге сабылып барады.
Бұл ауылда 14 саяжай бар. Балалар білім алу үшін Сокол саяжайынан 5-8 шақырым жерде орналасқан жан жақтағы ауылдарға тасиды.
«Бұл жерде тұрып жатқанымызға жиырма жыл болды мектеп түгілі әлі ауылдың аты берілмеді. Жақында жол апаты болды біз балаларымызды уайымдаймыз. Біздің балалар ауылдың басына тоқтайтын автобусқа бару үшін 40 минут жаяу жүреді», – деді ата-аналардың бірі.
Айта кетейік, дәл осы ауыл маңында 34 оқушы мінген автобус жол апатына ұшырап екі адам көз жұмған еді. Тілшілерді ата-аналарға қарағанда оқушылар көп жиналған топ қарсы алды.
«Жақында газ кіргізді, суды өзіміз несие алып кіргіздік. Светтің киловаты 42 теңге. Бұл ауылда 2000 оқушы бар. Біз жер алып, үй сала бастағанда әкім бізге оқушы саны жиналса мектеп ашамыз деп уәде еткен еді. Міне, он бес жыл өтті мектеп жоқ», – деді Салтұнбаева Жанар Еркебайқызы есімді ауыл тұрғыны.
«Тілшілердің келгенін көріп әкімнің орынбасары көлігіне мініп алдымыздан өтіп кетті», – деді ата-аналардың бірі.
Осынша жерге автобуспен қатынап жүрген оқушылардың амандығына ата-аналар жол апатынан кейін қатты алаңдаған. Ата-аналар алыс жаққа барып, оқушыларының өте кеш қайтатынына алаңдайтындарын айтты.
«Иә, біз білеміз. Мектепті бізге бір күнде салып бере салмайды. Тым болмаса жеке автобус ауыл арасына кіріп алып кетіп әкеліп тастап отырса... Кеш батқанда балалар қалай келеді? Жолда мас адамдар, иттер бар. Сол үшін балаларымыздың амандығына уайымдаймыз. Мына автобусқа әр балаға 8000 теңгеден төлейміз. Менің алты балам бар. Оның төртеуі мектепке барады», – деді ата-аналардың бірі.
Ауыл тұрғындары оқушыларын тек бір мектепке ғана емес, ауыл маңындағы 5 түрлі мектепке тасиды. Оқушылардың аналары балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Жұрттың жиналып жатқанын естіп полиция қызметкері де келді.
Алматы облысы Іле ауданына қарасты қатар орналасқан 14 саяжайдың 1700-ден астам оқушысы мектепке зордың күшімен, түрлі қиындықтар көріп қатынап жүр.
Сокол — Мерей деп айдар таққан кезіндегі аядай саяжайдың қазір ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжайда 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар наразылығын білдіріп алаңға жиналды.
«Бізге мектеп керек. 2 мыңға жуық бала мектепке дұрыстап қатынай алмай жүрміз. 5 мектепке бөлініп оқиды. Ол мектептердің бірі осы жерден 15 шақырым жерде орналасқан. Мектепке барып білім алу бейнетке айналды», — деді саяжай тұрғындары.
Балаларды таситын автобустар жетпейді. Бала біткен сығылысып сыймай әлек.
«Бала біткенді сығылыстырып тиеп алады. Автобус өте аз. Алыс жерден, бірнеше шақырым жерден тастап кетеді. Қыста балаларымыз қалай қатынайды сонда?», — деді ауыл тұрғыны Жанат Салтұмбаева.
Тұрғындар бала-шағасымен бірге келді. Орта жастағы әйелдер, қарт аналар, оқушылар жиылды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны — мектеп.
Халықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.
«Журналистерге жауап бермеймін. Халық сұрағын қойсын, соларға сөйлеймін», — дейді Ақсу ауылдық округінің аты-жөнін айтудан бас тартқан әкімі.
Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ нақты қазір салынбайды.
Наразы болып шыққан халықпен кездесуге Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы шығып, бұл жерге ауыл мәртебесі берілетінін айтты. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы былай деді:
«Ауыл мәртебесін өзгертуіміз керек. Бірінші елді мекен округін берсек, сол кезде біз мектеп сала аламыз».
Тұрғындар шенеуніктердің уәдесін алғаннан кейін сабырға келіп үйді-үйіне тарқасты. Енді мектеп мәселесі мен ауыл мәртебесін беру жайлы шешім биліктің құзіретінде.
Еске сала кетсек, Алматы облысында оқушыларды тасымалдап келе жатқан автобус пен Hyundai Accent автокөлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды. Ал автобусқа мінген 34 оқушы аман қалған еді.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады