ҚМДБ ғалымдарының жаңа пәтуасы: ГИВ ойнатуға тыйым салынады
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарысты ғұламалар кеңесі «Форекс» нарығында сауда жасап, табыс табуға тыйым салды.
Ғалымдар ұтыс ойындарында шариғат бекіткен шарттар толық орындалмайтындығын алға тартады. Сондықтан әлеуметтік желіде ұйымдастырылатын ГИВ ойындарына қатысу ережесі бекітілді.
Бұл туралы Orda.kz 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Кезекті ХХХІ рет өткен ғұламалар кеңесінде ел ішіндегі ең өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар жаңа пәтуа қабылданды.
Ғалымдар Шариғат негіздеріне сүйене отырып, соңғы кездері қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, бірқатар жаңа пәтуа шығарды. Мысалы, көптеген жастарды «онлайн неке қию» мәселесі қызықтырған. Дін қызметкерлері күйеу жігіт пен қалыңдық және куәгерлер бір жерде отырмаса немесе сөйлеген сөздері естілмесе неке қиюға рұқсат жоқ деген шешім шығарды. Бірақ белгілі бір себептермен неке қиятын имам басқа жерде ал, қалғандары бір шаңырақ астында болса рұқсат.
Сонымен ұтыс ойындарын ойнатқанда парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса, не бір затты сатып алу шарты қойылса, конкурсқа қатысуға болмайды. Яғни, тыйым салынып отыр. Егер тіркелушілерден жарна алынбай, ұтыс демеушілер тарапынан қойылса қатысуға рұқсат.
Әлеуметтік желіде бірнеше рет ұтыс ойындарын ұйымдастырған Ақмарал Елшінбай көп жағдайда ойынға тігілген ұтыстар демеушілер жағынан болатындығын айтады. Яғни, көп жағдайда ғалымдар айтқан ереже де бұзылмайды екен.
— Қатысатын қарапайым халықтан ешқандай ақша алмаймыз. Олардан тек қана өзімізден және демеушілерден болатын қаражатқа сыйлығымызды аламыз да сол сыйлықты тегін таратып береміз, – дейді Ақмарал Елшін.
Кеңесте қаралған тағы бір мәселе тұрмыс құрған әйелдің тегін ауыстыруы. Ғалымдар талқылай келе «әркім өз әкесінің атымен аталуы керек, әкесінің атын өзгерту харам» деп үкім шығарыпты.
Тағы бір қызықты жайт: заман талабына сай ғылым мен технологияны пайдалана отырып жаңбыр жаудыру - шариғатқа қайшы емес деп танылған. Бастысы қоршаған ортаға зияны келмесе болғаны дейді кеңес мүшелері.
— Оның маңыздылығы мен өзектілігін, оған қатысты біздің Ханафи мазхабында және де бұрынғы классикалық еңбектерде, кейінгі ғалымдардың оған қатысты тұжырымдары қандай соған тоқтала отырып, бүгінгі қоғамға, жастарға, халыққа ұғынықты, түсінікті тілде осылайша пәтуа шығарылады, – деді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров.
Сондай-ақ, дін қызметкерлері жерленген мәйітті ешбір себепсіз қайта қазып алып, екінші бір жерге көшіріп жерлеуге шариғат тыйым салатыны да ескертті. Марқұмның зиратынан топырақ алып, басқа жерге апарып қабір жасау дұрыс да емес. Себебі ол қабір болып саналмайды, қабір тек мәйіт жатқан жер болады.
Жаңалықтар
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады