Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
Иран теледидары эфирінен скриншот
Масуд Пезешкиан Иран көрші мемлекеттер тарапынан арандатушылық немесе шабуыл болмаса, оларға қарсы соққы жасамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Mehr News Agency агенттігіне сілтеме жасап.
Иран Ислам Республикасының президенті халыққа жасаған үндеуінде уақытша кеңес кеше көрші елдерге қарсы соққы бермеу туралы шешім қабылдағанын айтты. Ерекше жағдай тек сол мемлекеттерден шабуыл жасалған кезде ғана қарастырылмақ.
Пезешкиан бұған дейінгі зымырандық шабуылдарға байланысты өкініш білдіріп, Иран әрдайым өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол көрші елдермен туындаған қайшылықтарды әскери күш арқылы емес, дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.
Президенттің айтуынша, Иран «АҚШ пен Тель-Авивтің қолындағы ойыншық болмауы тиіс».
Сонымен бірге ол Дональд Трамптың Иранның «сөзсіз тізе бүгуі» туралы талабын «АҚШ өзімен бірге қабірге алып кететін арман» деп атады.
Бұл мәлімдемені Қасым-Жомарт Тоқаев қолдағаны хабарланды. Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президенті бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті төмендетуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады.
Бұған дейін, 1 наурыз күні Иран президенті әскери қақтығыс басталғаннан кейін алғаш рет халыққа үндеу жасап, Әли Хаменеи айқындаған саяси бағытты жалғастыратынын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған. Оған жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы израильдік және америкалық әскери нысандарға, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы аумағындағы нысандарға соққы жасады.
Оқи отырыңыз:
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды