Маск есірткі пайдаланғаны туралы айыптауды мойындамады
Фото: БАҚ
Кәсіпкер бұл туралы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіне жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
«МЕН ЕСІРТКІ ҚАБЫЛДАМАЙМЫН! New York Times өрескел өтірік айтады. Мен рецептуралық кетаминді бірнеше жыл бұрын сынап көрдім және ол туралы әлеуметтік желілерде айтып бердім, сондықтан бұл тіпті жаңалық та емес. Ол жаның қиналғанда қапастан шығуға көмектеседі, бірақ содан бері мен оны бірде бір рет қабылдамадым» деп мәлімдеді бизнесмен.
Мамыр айының соңында New York Times өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Илон Масктың есірткі қолданып жүргенін хабарлады. Әсіресе, ол АҚШ президентінің сайлауалды науқаны кезінде тыйым салынған заттарды қолданған.

Газеттің жазуынша, 53 жастағы кәсіпкердің денсаулығына байланысты проблемалар туындап, ол ашуланшқ болып, көңіл-күйі күрт өзгерген. Бұдан басқа, миллиардер жеке кештерде экстази мен психоделиялық саңырауқұлақтарды пайдаланған.
Ақпаратқа Дональд Трамп та түсінік берді. Ол журналистерге Масктың есірткіні қабылдағаны туралы мәліметтерге алаңдаушылық білдірмейтінін айтып, бизнесменді «ғажайып» деп атады және оның «тамаша жұмыс» істегенін атап өтті.
Бір күн бұрын Илон Маск Ақ үйден кетті, оның бюджет қаражатын оңтайландыру әдісі Қазақстан түгілі өз еліне жарамай қалды.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты