«Мәсімов пен Қожамжаровтың қатысы бар»: Бәпи Бас прокуратурадан «ЭКСПО» ісін қайта қарауды сұрады
Фото: Ольга Ибраева
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи бас прокурор Берік Асыловқа «ЭКСПО» ісін қайта қарау туралы сұрау жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың бұл іске баруына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың сұхбаты себеп болған. Мұрат Омаров өзіне және компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық қудалау ойдан шығарылғанын айтқан. Жемқорлыққа ұлттық компаниядағылар емес, «жоғарыдан тағайындалған төрағаның кеңесшісі — Айдос Есполов» кінәлі болып шықты. Кеңесші бірнеше рет пара алған, бірақ тергеу барысында ол «белгісіз тұлға» болып қалған. Ал тергеуге Антикордың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаров пен бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов әсер еткен көрінеді.
Сұхбат шыққаннан кейін Бәпи Омаровпен, оның адвокаттарымен, сондай-ақ Ермегияевтің қорғаушыларымен жеке кездесіп, іс материалдарын қарап шыққан.
Енді депутат Бас прокуратурадан қосымша тексеру жүргізуді және тергеу органдарының әрекеттеріне құқықтық баға беруді талап етіп отыр.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО — 2017» ұлттық компаниясы 2013 жылдың қаңтарында құрылды. Оны Талғат Ермегияев басқарды. 2016 жылдың жазында ол қомақты пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылды және сот оның барлық мүлкін тәркілеген болатын.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады