Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған

cover Бейнеден кадр

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина президенті Владимир Зеленскийдің кепілдік үшін америкалықтар аумақ сұрады деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.      

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Владимир Зеленскийдің «АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерін беру үшін Украина аумақтарын Ресейге беруді талап етіп отыр» деген мәлімдемесін жалған деп атады.

Марко Рубионың мәлімдемесін әлемдік агенттіктер жарыса таратып жатыр.

 «Бұл – өтірік. Мен оның осылай айтқанын естідім және бұл өкінішті жағдай, өйткені ол мұның шындыққа жанаспайтынын біледі» деп AFP агенттігі Рубионың «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері Парижде өткен кездесуінен кейін журналистерге айтқан сөзін келтіреді. 

Рубио сондай-ақ Украинаға арналған америкалық қару-жарақтың әзірге Таяу Шығысқа, Иранмен соғысқа бағытталмағанын, бірақ болашақта мұндай мүмкіндікті жоққа шығармайтынын айтты.

Зеленский осы аптада Reuters агенттігіне берген сұхбатында Трамп әкімшілігі Украинадан Донбастың қалған бөлігінен әскерін әкетуді талап етіп отырғанын, ал содан кейін АҚШ тарабы белгілі бір қауіпсіздік кепілдіктерін беруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Зеленскийдің пікірінше, мұндай қадам моральдық тұрғыдан да қауіпті болар еді, тек Украина үшін ғана емес, Трамптың беделі үшін де.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар