Маңғыстаудағы Еңбек мобильдігі орталығының директоры алаяқтық үшін сотталды

cover Фото: Pexels

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысының Еңбек мобильділігі орталығының директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкімді жариялады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Қайранбаев Өзбекстан азаматының 200 мың теңгесін жұмысқа орналасуға көмек көрсетем деген уәдемен алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасын және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы қызметтерді өмір бойы атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар