Маңғыстауда үш баласынан бір күнде айырылған отбасыға ЭКО-ға сертификат табысталды

cover Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында биыл ақпанда үш бірдей баласынан айырылған отбасыға тегін ЭКО жасатуға сертификаты табысталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 24 ақпанында болған. Жекеменшік үйде шыққан газ иісінен бір үйдің үш баласы, нақтырақ айтсақ, үлкен қызы, ұлы және кенже қызы қаза тапқан. Сол күні оларды қарап қалған апасы да зардап шеккен.

Отбасының анасы Құмытай Оралбайқызы ол кезде Астанада  жүргенін айтты:

«Ақпанда мен бір мезетте үш баламнан айырылдым. Өзім Астанаға ас-садақаға барып, балаларымды апама қалдырдым. Сол күні жолдасым жұмыста болды», — дейді ол.

Жұбайы ЭКО-ға басында қарсы болған.

«Мен жұмыста едім. Үйге үлкен қызым келіп еді, нәрестелермен отырған. Үйде газ ашық қалып, бәрі уланып шетінеп кетті. Бұл Алла берген сынақ шығар. ЭКО жасағым келмеді, бала-шағасынан айырылғаннан кейін кім жасағысы келеді? Бірақ достарымыз, туыстарымыз қолдап, үміт бар екенін айтты», — деді ол.

Құмытайдың сөзінше, үлкен қызы 30 тамызда 30 жасқа толар еді. Қайғылы жағдай кезінде қызы жүктіліктің 9-аптасында болған.

Айта кетейік, 22 қыркүйекте Павлодар облысының Тереңкөл ауданында әкесі үш жасар туған баласын аяусыз ұрып, өлтірді деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар