Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысында Құрық портынан 20 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізі акваториясында орналасқан теңіз балығын өсіретін ферма өз жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ведомствоның мәліметінше, жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру және акваөсіруді дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде іске асырылуда. Жоспарға сәйкес бұл күні торлы алаңдарға 6 000 келі немесе шамамен 30 000 ақбалық (форель) шабағы жіберілді. Бұған дейін жоба операторы теңіз алаңдарына 30 мың шабақ шығарған болатын.
Қазақстанда теңіз аквамәдениеті алғаш рет дамып келе жатыр, әрі бұл Маңғыстау облысы үшін стратегиялық маңызы бар жоба.
«Бұл Қазақстандағы теңіздегі балық өсірудің алғашқы тәжірибесі. Жоба өңір экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және заманауи жоғары технологиялық секторды қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

Ферма биыл пайдалануға берілген алғашқы ірі нысандардың бірі. Орта Каспий акваториясында диаметрі 120 метр және тереңдігі 25 метр Норвегиядан әкелген тор орнатылған. Каспий теңізінің таза суы, тұрақты табиғи ағын мен қолайлы экологиялық жағдай форель (ақбалық, кей жерде ханбалық дейді) өсіру үшін бірегей мүмкіндік болып отыр.
Фермаларды балыққа толтыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Тұтастай алғанда, жыл соңына дейін тор ішіне 20 тоннаға дейін ақбалық жіберу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы өндіріс көлемі жылына 300 тоннаға, ал 2029 жылға қарай 5 000 тоннаға дейін жетуі тиіс.
Еске салсақ, экология министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мамыр айында алты жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Ал былтырғы жазда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.Суықбаев сотталды.
Айта берсек, мысал көп...
Осындай жемқорлық фактілеріне қарамай, өкімет саланың жандануына қаражат бөліп, үміт артып отыр, біз де «балық басынан шірімей», бөлінген қаржы мен қайрат жергілікті халықты жұмыспен қамтып, өңірдің көркеюіне бағытталады деп сенейік.
Жаңалықтар
- Абай облысында әскерге шақырылғандарды медициналық тексеру үшін 40 млн теңге артық төленген
- Еліміздің төрт боксшысы Әлем чемпионатының финалына өтті
- Стивен Уиткофф Берлинде Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездеседі
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
- Трамп Камбоджа мен Таиландтағы атыс тоқтағанын мәлімдеді, бірақ ұрыс жалғасуда
- Тимур Турлов бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі басқарған құрылымға жасақталды
- Қарағанды облысындағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты
- Алматыда сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілердегі мектепке қатер төндіргені үшін ұсталды
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды