Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

cover Фото: Polisia.kz

ҚР ІІМ Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан 4 адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция мәліметінше, жергілікті 4 тұрғын қылмыстық топ құрып, заңсыз қызметпен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Сарапшылардың мәліметінше, ауған текті апиын Маңғыстау облысында сирек кездесетін есірткі түрі.

 «Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деп хабарлайды ІІМ.

Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Олар қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар