Маңғыстау атом электр стансасын қолдауға Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді
Фото: МАЭК ЖШС сайтынан
Маңғыстау атом энергетикалық зауытын (МАЭК) қолдауға үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Orda.kz.
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы «МАЭК» ЖШС қызметін қолдау үшін үкіметтік резервтен 5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Қаражат энергия зауытын облыстық бюджет арқылы субсидиялауға бағытталады, бұл кәсіпорынның алдағы жылу маусымына уақтылы дайындалуына және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.
Министрлер кабинетінде атап өтілгендей, 2023 жылдан бастап кәсіпорын кезең-кезеңімен жаңғыртылады.
«Үздіксіз өндірістік циклді қамтамасыз етуге және жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың қатарында қазандық қондырғыларын, резервтік қорғаныс және автоматтандыру жүйелерін, сондай-ақ автоматтандырылған басқару және электр энергиясын есепке алу жүйелерін жаңғырту бар» делінген мәліметте.
МАЭК Маңғыстау облысындағы ең ірі энергетикалық кешен, ол өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды, соның ішінде Ақтау қаласын электрмен және жылумен, сондай-ақ ауыз, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді