Мамин міндетті вакцина туралы айтты

cover А.Мамин

Елімізде еңбек ұжымдарына қызмет көрсету және білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажет, деп мәлімдеді Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған Асқар Мамин елімізде вакцинаның алғашқы дозасын шамамен 3,3 млн адам, екі дозасын — 2 млн тұрғын алғанын айтты.

– Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуі қажет. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру салаларында міндетті вакцина енгізу қажеттілігі айқын, - деді Мамин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар