«Мал бағып жүрген»: Ер адам тауып алған қаруын үйінде сақтағыны үшін сотталды

cover Фото: freepik.com

Алматы облысының тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

2024 жылы 5 шілдеде сотталушы Алматы облысы Райымбек ауданы  Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Аққөл» жайлауында мал жайып жүрген кезінде, іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген. Қаптың ішінде ешбір құжатсыз «ВЕПРЬ-308» және «ТОЗ-8» маркалы қару, оған қоса 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі оқ-дәрілер болған.

Ер адам қаруды Қаратоған ауылына апарып, өзі тұрған үйде заңсыз сақтаған.

«Сот сотталушыға тағылған іс-әрекеттері үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады» делінген хабарламада.


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар