Майкл Джексонның бағын ашқан продюсер 91 жасында дүние салды
Фото: Джон Сьюилли / GETTY.
Майкл Джексонның әндеріне продюсерлік жасаған әйгілі америкалық Куинси Джонс 91 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Әйгілі продюсердің дүние салғанын алғашқылардың бірі болып People.com мәлімдеді.
Ғасырға жуық өмір сүріп, джаз жанрының аңызына айналған Куинси Джонс — «Грэмми» сыйлығына 80 рет номинацияланған музыкант.
Продюсер ретінде Джонс көптеген музыкалық тұлғалардың бағын ашты. Соның ішінде Фрэнк Синатра, Майкл Джексон, Пол Саймон, Арета Франклин және басқалардың әлемдік аренада танымалдылыққа ие болып, табысқа жетуіне ықпал еткен тұлға. Өзінің сан алуан жетістіктерінің арасында ол 1982 жылы Джексонның культтік хиті «Beat It» әні мен тарихтағы ең көп сатылған музыкалық альбомы — «Thriller»-ге продюсерлік жасаған.
Facebook әлеуметтік желісінде Джонстың қызы Мартина Джонс әкесіне деген шынайы алғысын білдірді..
«Мен әкемізге 30-шы жылдардағы ұлы депрессия кезінде бізді тоқшылықта ұстап, баспанамызды сақтап қалу үшін тынымсыз еңбек еткені үшін алғысымды айтамын. Менің ойымша, бала мен әке арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату әкеден басталады. Балаңызды қанатыңыздың астына алып, мейірім таныту ешқашан кеш емес», — деп жазды проюдсердің қызы.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды