Майқайың ауылы мен Екібастұзда техногендік төтенше жағдай режимі енгізілді

cover

21 ақпаннан бастап Екібастұз қалалық су арнасының екінші көтергіш сорғы стансасынан 27 шақырым жерде орналасқан су құбырындағы апатты жою жұмыстары жалғасуда.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Майқайыңдағы құбырдың кейбір учаскелері қатып қалғанын, қазір олар бу генераторларымен жылытылып жатқанын хабарлады. Кейбір жерлерде құбырдың айналасындағы топырақ көмірмен және ағаш шпалдармен жылытылуда.

Майқайың ауылына су төмен қысыммен келеді.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру үшін техногендік төтенше жағдай енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Ержан Салханов төтенше жағдайды жою жұмыстарына жетекшіліе етеді.  Режим енгізу туралы қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар