Майя Санду Молдова тарихындағы алғашқы әйел президент атанды

cover

Ол өз сөзінде ел тұрғындарымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күресуге, мемлекеттік құрылысты нығайтуға және ішкі дамуға, инвестицияларды тарту мен жұмыс орындарын құруға бағытталған сыртқы саясатты жүргізуге дайын екендігін хабарлады.

Санду бұрынғы президент Игорь Додонды 15 қарашада өткен жаңа сайлаудың екінші турында жеңген болатын.

48 жастағы Санду 2012-2015 жылдары Молдованың білім министрі, 2019 жылдың маусымынан қарашасына дейін үкімет басшысы қызметтерін атқарды.

Санду Молдова дамуының еуропалық моделін, халықаралық серіктестердің қатысуымен Приднестровье жанжалын реттеуді және аймақтан орыс әскерлерін шығаруды қолдайды. Жаңа сайланған президент өзінің жаңа қызметіне кірісуге уәде берген алғашқы бастамаларының ішінде мыналар көрсеткен: президенттік шығындарды азайту, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу шешімдерін табу, Молдованы халықаралық оқшауланудан шығару, сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қатер деп жариялау және шулы істерді жедел тергеу.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар