Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Қожағапанов кінәлі деп танылды
Фото: primeminister.kz
Ерлан Қожағапанов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. SUCCESS K компаниясының басшысы Ләззат Көккөзова да алаяқтық фактілері бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот шешімі бойынша Ерлан Қожағапанов 3 жыл, Ләззат Көккөзова 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Туризм және спорт министрінің пайдасына Көккөзованың тарапынан миллиард теңге өндірілді.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2018 жылы министрдің бұрынғы орынбасары Петропавлда ҚР мен РФ XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға келісімшарт жасасу кезінде жеке фирманың мүддесін қолдады. Антикор іс-шараны өткізу шығындары негізсіз екі есе өсті деп санайды.
5 мамырда сот өтті. Прокурор Арман Кізікен бұынғы орынбасарды 7 жыл бас бостандығынан айыру туралы сұраған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптау Қожағапановты II дәрежелі «Айбын» орденінен (сот оны айырды) және «кеден қызметінің полковнигі» арнайы атағынан айыруды ұсынды. Ал Ләззат Көккөзоваға келетін болсақ, прокурор оған 8 жыл колония және мүлкін тәркілеуді, сондай-ақ 7 жыл коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ерлан Қожағапановты 2024 жылдың наурыз айында ұстаған болатын. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы 2018 жылдың қарашасында өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бірқатар құжаттарға қол қойды, олардың арасында «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартын өзгерту туралы хаттамалар және шекара маңындағы тұрғындардың Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімдер болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Orda.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратына жерленген болуы мүмкін екенін жазған болатын.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады