Маңғыстауда төтенше жағдай жариялана ма? – Шаруалар талап қойды

cover

Маңғыстау өңірінің тұрғындары аймақтағы құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр.

Бұл туралы Orda.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Шаруа қожалықтарына құрғақшылық салдары қатты тиіп жатқандығына қарамастан шенеуніктер ештеңе дей алмады. Тіпті арнайы іссапармен келген ауыл шаруашылығы минстрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев те сұрақты ашық қалдырды.

 – Қазір төтенше жағдай болмайды деген. Бірақ ертең төтенше жағдай жариялауға мәжбүр боласыздар. Сондықтан да «Қыс келеді қырынан, қамыңды же бұрыннан» дейді. Халыққа бос сөз қажет емес. Халыққа нақты іс керек! - деді тұрғындар. 

Ербол Қарашөкеевпен кездесу кезінде қоғам белсендісі Жәнібек Қожық «шаруаларға өтемақы төленуі керек» дегенді алға тартты. Оның айтуынша төтенше жағдай уақтылы жариялану керек әйтпегенде бәрі құрдымға кетеді.

Министрліктегілер осы орайда шаруалар малдарын арнайы базаға тіркеуі керектігін еске салды.

– Жағдайымыз төмен. Жер болса - мынау, шөптің тұрысы  - мынау. Шөп - 1500 тг. Жем - 1500-ден. 10 кг сұлы 3 мыңнан асады. Түскен пенсияға жем алып, әуелі өзімізге қалғанын малымыздың аузына беріп жатырмыз. Өлген малдар көп. Өліп жатыр, - деді шарулардың бірі Әбен Кенжебаев.

Ауыл шаруалығы министрлігінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «шаруаларға көмек көрсету үшін бюджеттен қомақты сома бөлінгенін» айтты.

1,9 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Ол ақша мына шаруа қожалықтарына сатып алынған шөп арпа бидайдың арзандатылуына жұмсалады. Осы аптаның аяғына дейін ақша түседі. Процедураға  сәйкес жергілікті әкімшілік облыстық  әкімшілік комиссия құрып, тізімді бекітіп, сол ақшаны әрбір жеке шаруа қожалықтарына бөліп беруі керек, - деді Ербол Қарашөкеев. 

Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы «бұл қаражат жеткіліксіз» дейді. Үкімет есепті дұрыс жүргізбеген.

– Шынымен де қомақты сома болып есептеледі. Бірақ 1 млрд  800 мың алып, осы жерде ресми тіркелген 400 малға бөлетін болсақ, әр малға шамамен 5 мың теңге. 5 мың теңге деген бүкіл малдың қыстық азығы ма, көктемдік пе, күздік азығыма белгісіз. Жаңағы сома Маңғыстауға жеткіліксіз, - дейді «Шопан ата» ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев. 

Қызылорда мен Ақтөбе облыстарындағы субсидия көлемі әр мал басына 30 мың теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар