Маңғыстаулық фермер 59 жастағы ер адамды құлдықта ұстаған

cover

Маңғыстау облысындағы шаруа қожалығының басшысы зорлық-зомбылық көрсету арқылы 59 жастағы ер адамды күштеп ұстаған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

59 жастағы ер адамның құлдықта жүргені «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

Полиция қызметкерлері «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара кезінде еңбекті қанау фактісін анықтады. Іс-шараның мақсаты - адам сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, бас бостандығынан айыру.

Маңғыстаудағы шаруа қожалығының басшысы 59 жастағы ер адамды мамырдан маусымға дейін құлдықта ұстағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар