Маңғыстау облысындағы мал қырылып біте ме?
Маңғыстау облысындағы жем-шөп жетіспеушілігі кесірінен келесі жазға дейін мал атаулы арам қатуы мүмкін. Бұл мал шаруаларының дабылы. Биылғы қуаңшылықтан шөп дұрыс шықпағаны аздай, қазіргі уақытта жем де тапшы болып отыр.
Көрші өңірлерден әкелінетін арпа мен кебектің бағасы шарықтап кеткен. Шаруалар бұрын 1600 теңге тұратын бір қапшық кебекті қазір 2200 теңгеден сатып алатындығын айтып шағымдануда. Жем-шөпке тоймай, әлсіреп кеткен мал 10 шақырым жерде тұрған құдыққа су ішуге жете алмай жолда арам қатып жатыр. Дәл осылай жалғаса берсе келесі жылы аша тұяқ мал қалмауы мүмкін деп шаруалар шаршап отыр.
«Боржақты» жерінде жем-шөптің жетіспеушілігінен шаруалардың малы қынадай қырылуда. Қор жетіспеушілігінен көрші өңірлерден сатып алған арпа мен кебектің өзін өлшеп беруде.
— Қазір кетіп жатқан малдың есебі жоқ. Бұл қарқынмен кете берсе, келесі жылға дейін Маңғыстауда мал қалмайды. Ал басқа жақтан әкелген малды Маңғыстауда өсіре алмайсың. Әкімнің бергені шаруа басына 92 теңгеден 30 мөшек арпа. Ол 30 мөшек он күнге ғана жетеді, – дейді шаруа Бердіхан Әленов.
Шаруалар сатып алайын десе де артық азық жоқ. Сондықтан алған жемін төрт-түлігіне сығымдап беруде. Қыстың қамын қазірден жасап, артық азықты көптеп әкелмесе болмайды. Осыған дейін бір қыстан шығуға 200-300 қапшық жем жетсе, биыл ол да аздық етуі мүмкін. Себебі, жазда дұрыс жем-шөп жеп қарны майланбаған мал қысқы уақытқа екі есе талап етеді.
— Субсидия береміз деп жатыр. 9143 па 9145 теңге ме, ол бір күндік жеміне де жетпейді. Біз әншейін жем, шөп сұрамаймыз, мол қылып тауып берсе.. Бір мөшегі 20 килолық кебекті 2300 теңгеге алып отырмыз. Бұл біз үшін қымбат. Оған дейін 1600 теңгеден алғанбыз, – дейді шаруа Серік Айдаров.
Шаруалар көрші өңірлерден әкелінетін мал азығының жол шығынын жергілікті билік өтеп берсе деген өтініш білдірді. Сонда ортадағы делдалдар үстіне ақша қоспай, жем-шөпті бастапқы бағасымен алар едік дейді.
— Алғашқы жергілікті бюджеттен облыс әкімінің қолдауымен бірінші кезекте 600 млн теңге қаражат дайын. Келесі аптадан бастап операторларды тағайындап солар арқылы шөп дайындап әкеліп бұл енді қорға дайындық. Біз оны әкеліп сразу халыққа ұсынбаймыз. Қорға дайындық әрбір бес ауданға бөліп қоямыз, – деді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Жауаптылардың айтуынша, бұдан бөлек 1,4 млрд. теңге тағы қосымша қаржы бөлінбек. Сонда жалпы сомасы 2 миллиард теңгенің қысқы азығы дайындалмақ. Ал бұған дейін қырылып кеткен малға өтемақы қарастырылмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық