Ұлы Отан соғысының ардагері «Паровоз-апа» өмірден озды

cover

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, «Паровоз-апа» лақап атымен танымал Алтынай Есболатова 99 жасында өмірден озды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

«Паровоз-апа» деген лақап атқа ие болу себебі – машинист ретінде бүкіл елді аралап шыққандығы. Соғыс уақытында әскери эшалонда от жағушы болған. Күніне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін паравоздың қазандығына көмір салған.

Алтынай Есболатова соңғы жылдары Алматы облысында қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ана ардагері болды. Қазаға байланысты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көңіл айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар