Ұлттық банк 200 теңгелік қағаз ақшаға қатысты мәлімдеме жасады

cover

Ескі үлгідегі 200 теңгелік қағаз ақшаны көп саудагерлер қабылдамайды. Бұдан былай қағаз ақшаның дәл осы түрін қабылдаудан бас тартқан саудагерлер әкімшілік жауапқа тартылады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ұлттық банк өкілі Динара Дәуітова кейінгі кездері тұрғындар тарапынан 200 теңгелік қағаз ақшаға қатысты көп шағым түсе бастағанын айтты.

Маманның айтуынша, 200 теңгелік қағаз ақшаны төлемдер, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрінде қолдануға болады.

– 2006 жылғы қағаз ақша кейін шыққан  монеталармен қатар жүреді. Оны төлемдер, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрінде қолдануға болады, - деді маман.

Айта кетейік, номиналы 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдамаған жағдайда Ұлттық банктің аумақтық филиалына хабарласу керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар