Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия енгізілді: иммиграциялық рейдтер жаппай наразылық тудырды
Фото: ТАСС
АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелеске екі мың Ұлттық гвардия сарбазын енгізді, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жұма күнінен бері наразылық білдірушілер мен федералды агенттер арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Мигранттарды ұстауға бағытталған рейдтер ашу-ызаны тудырып, ашынған демонстранттар Лос-Анджелестің орталығындағы федералды үкімет ғимаратын қоршап алды. Бұл жерге ұсталғандар жеткізілген.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген кадрларда полиция қызметкерлерінің бронежилет киіп, көзден жас ағызатын газ және резеңке таяқшалармен наразыларды таратып жатқаны көрінеді.
«Бір видеода наразы азамат полицияның жол талғамайтын көлігін тоқтатпақ болған сәтте, көлік тоқтамай өтіп, ол адам құлап түседі», – деп хабарлайды БАҚ.
Иммигранттарды ұстауға бағытталған рейдтерге Лос-Анджелес мэрі Карен Басс пен қалалық полиция басшысы Джим Макдоннелл өз наразылықтарын білдірді. Ал АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) директорының міндетін атқарушы Тодд Лайонс Карен Басты бүлікке қолдау көрсетті деп айыптады.
Ақ үйдің хабарлауынша, Дональд Трамп тәртіпсіздікке жол берілмеуі үшін Лос-Анджелеске екі мың Ұлттық гвардия қызметкерін орналастыру туралы президенттік меморандумға қол қойды.
«Президент Трамп заңсыздықтың кең таралуына жол бермеу үшін екі мың гвардия сарбазын жіберуді көздейтін меморандумға қол қойды», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Левитт.
Калифорния штатының губернаторы әскер енгізу жағдайды ушықтырады деп есептейді.
Айта кетейік, Дональд Трамптың көші-қонға қатысты саясаты бастапқы кезден-ақ өте қатаң болды. Жуырда ол 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салған.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды